Жамбылда шарап өндірісі қайта қолға алынды
Жамбыл облысында өндірілген жүзім шарабы отандық нарыққа қайта шыға бастады
Жамбыл облысы бұрындары жүзім өсірумен және шарап жасаумен айналысқан Қазақстанның үш өңірінің бірі болған. Ол кездері облыстағы жүзім алқабының жалпы аумағы 8 мың гектардан астам жерді алып жатты. Онда 5 шарап зауыты жұмыс істеп, олардың барлығы 90-жылдары жабылған болатын. Артынан Шайқорық және Үшарал ауылдарындағы шарап өндіруші кәсіпорындар да қирап, күйреген. Ал облыс орталығы мен Қарасай, Жасөркен және Меркі аудан-ауылдарындағы ғимараттар қайта жөндеуден өтіп, жаңа техниканы қажет еткен.
2015 жылдан бастап Меркі ауданының Ақарал ауылдық округінің «Ақ Арал» өндірістік кооперативі жергілікті шарап зауытын қайта жөндеуге және шарап өндірісіне арналған шикізат базасын жандандыруға кірісті. Көмек ретінде 170 млн теңге көлемінде несие алған. Ал Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бұл іске ғылыми тұрғыда қолдау көрсеткен. Жүзім мен алма ағашы бұл шаруашылықта қарқынды технология арқылы өсіріледі, жеміс сақтау қоймасы да бар. Жоба қуаттылығы – жылына 5 мың тонна шарап дайындауға қауқарлы.
Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап Жамбыл ауданында да шарап өндірісі қайта жандануда деуге толық негіз бар. Тараз қаласында 3 шілде күні өткен «Қазақстанның үздік тауары» байқауына алғаш рет қатысқан «Винзавод Южный» серіктестігі осыған дәлел. Жасөркендік шарап зауытының өндірістік базасында орналасқан зауыт шарап өндірісін қайта қолға алу үстінде.
Шарап зауытының бас технологы Кенжеғали Құрманқұловтың айтуынша зауыт өнімдерінің шикізат көзі Өзбекстан елінен экспортталады.
Технолог «Бұл жасанды ұнтақ емес!» - деп бірден айтты. – «Бұл өндірістің бастапқы кезеңіндегі субстрат. Ол өнім тиісті сапаға дейін сүзгіден өткізуді, араластыруды қажет етеді. Бұл шараптарды ішінара біріктіріп, үш түрлі аталым бойынша «Живая роза», «Райхангүл» және «Агдам» шығарамыз. Бірақ бұл тек бастапқы кезеңде ғана. Жақын келешекте Жасөркеннің жүзім шаруашылығындағы бай тәжірибесінің арқасында шараптар жергілікті шикізаттан дайындалатын болады».
Кенжеғали Құрманқұловтың айтуынша, жамбылдық жаңа зауыттың тұтынушылары тек облыспен ғана шектелмейд, сұраныс солтүстік аймақтардан да бар. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімдіктердің әр гектарына субсидия бөлінеді деген Үкімет қаулысы қабылданған бастап, шаруалар саланың қарқынды өркендеуіне сенеді, дейді маман.
Айта кетейік, 80-ші жылдары респубилка бойынша жүзім шаруашылықтарының аумағы 27 мың гектардан асып, жалпы көлемі 200 мың тонна жүзім жиналатын. Ал, жүзім шарабының өндірісі 10 миллион литрге татитын.
Қазақстан әлемдік танымалдыққа ие «Иссык», «Чиликское», «Целинное», «Акбулак», «Мускат фиолетовый», «Капланбек» атты шараптар шығаратын.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: