«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» қолдау орталығы

Мақсаты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы хабардар етуді арттыру, жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыссыздар мен тәуелсіз қызметкерлерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту, оның ішінде оларға оқыту құралдарын ұсыну: кәсіпкерлік дағдыларға оқыту немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

Жоба 2019 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесуімен жүзеге асырылуда.

275605

жұмыс іздеушіге қызмет көрсетіліп, кеңес берілген

2200

жұмыс берушімен байланыс орнатылған

48383

азаматтың жеке қабілетін дамыту бағытында жұмыстар жасалған

9025

жоба басталғалы жұмыспен қамтылғандар саны

539

төтенше жағдай кезінде жұмыспен қамтылғандар саны

Жобаның басты ерекшелігі – «Атамекен» қолдау орталығы» командасының жұмыс істейтін форматында. Өйткені, қызметті 4 менеджер және 1 жеке қабілетті дамыту кеңесшісі көрсетеді. Осы орайда, қызметкерлер проактивті режимде жұмыс істейді, яғни адамдарды орталықта қабылдап қана қоймай, үнемі халық арасына шығу, көпшілік шоғырланған жерлерді аралау, жұмыспен қамту мәселелері бойынша қолдау құралдарын ұсыну көзделген.

 

Мобильді орталықтың жұмыс тәртібі:

  1. Жұмыс іздеушінің құжаттарын қабылдау және сұқбат жүргізу
  2. Жеке қабілетті анықтау бағытында сұрақтарға жауап алу
  3. Алынған нәтиже бойынша азаматтарға қолайлы жұмыс ұсыну
  4. Лайықты жұмыс табылмаса, жұмыс іздеушіге жаңа кәсіпті игеру жөнінде ұсыныс жасалады.

Осылайша олар қысқа мерзімді оқу курстарына жазыла алады («Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде), курстар кәсіпорындар базасында орналастырылған. Бұл оқыту шаралары 2 айдан 6 айға дейін жалғасады, тыңдаушыларға шәкіртақы және ары қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, «Бастау-бизнес» бағдарлама аясында кәсіп ашудың қыр-сырын меңгере алады.

Мобильді орталық әзірге Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Алматы және Жамбыл облыстарында ашылған. Еліміз бойынша бас-аяғы 30 мобильді орталық жұмыс істейді

Ескерту: Қазақстандықтар мобильді орталық қызметін онлайн түрде де ала алады. Ол үшін инстаграм парақшалар мен көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарлама қалдыруға болады.

@rabota.atameken – Нұр-Сұлтан (+7 747 051 3885)

@rabota.atameken.shymkent – Шымкент (+7 747 144 0000)

@rabota.almaty.atameken – Алматы (+7 747 905 5105)

Еншілес ұйымдар

Серіктестер