«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қордай ауданында «Атамекен» қолдау орталығы» ашылды

2020 жылғы 02 Наурыз
- Жамбыл облысы
15581 просмотров

Жамбыл облысы Қордай ауданында «Атмекен» қолдау орталығы» жұмыспен қамтудың екі бірдей орталығы ашылды.  Жобаны Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесуімен іске асырылуда

«Атамекен» қолдау орталығы» жобасы дәл осы ауданда кездейсоқ іске қосылған жоқ. Қордай ауданында болған соңғы оқиғалардан кейін орталық халық арасындағы  әлеуметтік шиеленісті жеңілдетіп, жұмыссыздық пен кәсіпкерлік қызметке жұмылдыру мәселелерін айтарлықтай шешуге көмектесуі керек», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев орталықтың ашылу рәсімінде.

 «Атамекен» қолдау орталығы» жобасының бірегейлігі – локациясында. Қордай ауданында Жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары – «Мәдениет үйі» және «Қаракемер» ауылында орналасқан.

 «Атамекен» қолдау орталығы» міндеті – халыққа жақын болу, жұмыссыз адамдармен байланыс орнату әрі жұмыспен қамту. Біз жұмысқа тұруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар адам табыс көзін табуы үшін қандай құралдар қажет екенін түсіндіріп, оның іскерлік әлеуетін арттыруға атсалысамыз», – деді Эльдар Жұмағазиев. 

«Мұндай орталықтар кешенді шараларды көрсетеді. Бастысы, қолжетімділік, ақпараттылық және жауапкершілік. «Атамекен» қолдау орталығы» жұмыспен қамтудың мобильді орталығында бүгінгі таңда Қордай ауданында жүргізілген сауалнама негізінде бос жұмыс орындарының базасы қалыптастырылған. Бұл 7 859 кәсіпкерлік субъектісі. Жұмыссыз адамдардың орталыққа өтінім жасауында кеңесшілер базамен қарап, оларға жұмыс орындарын ұсынады», – деді Жамбыл облысы ӨКП директоры Олжас Қаржауов.

 «Атамекен» қолдау орталығы» жұмыспен қамтудың мобильді орталығын ашпас бұрын Қордай ауданында 4 мыңға жуық компания сауалнаға қатысты, олар 111 бос жұмыс орны туралы хабарлады. Компанияларға сатушылар, бақташылар, жүргізушілер, сату жөніндегі менеджерлер, тігіншілер, тракторист-механизаторлар, жұмысшылар, сауыншылар, жанармай құю станцияларының операторлары қажет. Орташа айлық еңбекақы 42 000-90 000 теңгені құрайды. Айта кетелік, 2 күн ішінде «Атамекен» қолдау орталығы» 90 адамға қызмет көрсетті», – деді Олжас Қаржауов.

Жобаның тағы бір ерекшелігі жұмыс істеу форматында. Әр орталықта 3 менеджер және 1 жеке қабілетті дамыту кеңесшісі қызмет көрсетеді. Жеке қабілетті дамыту кеңесшісі анағұрлым лайықты мамандықты анықтау мақсатында тестілеу өткізеді, қандай дағдыларды дамыту қажеттігін айтады. Осы ретте «Атамекен» қолдау орталығы» командасы адамдарды қабылдап қана қоймай, сондай-ақ тұрақты түрде халыққа жақын болып, ауылдарды аралап, үй-үйге барып,  тұрғындарға жұмыспен қамтуда қолдау шаралары туралы ақпарат беретін болады.

Сонымен қатар, өтінім бергендер «Еңбек» жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде қысқа оқыту курстарына қатыса  алады. Оқыту кәсіпорын базасында өтеді. Мұндай оқыту 1 айдан 3 айға дейін жалғасады, шәкіртақы және ары қарай жұмыспен қамту қарастырылған.

Бұдан бөлек, аталған бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде «Бастау» жобасы бойынша өтінім берген жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жас ерекшелігіне қарамастан бір ай бойы кәсіпкерлік негіздеріне оқып, бизнес жүргізуде негізгі дағдыларды игереді. Ары қарай жоба түлектері кәсіп ашуға микроқаржыландыру және/немесе 200 АЕК көлемінде грант ала алады. «Бастау» жобасы шеңберінде былтыр Қордай ауданы бойынша 403 тыңдаушы оқып шықты, соның ішінде 155 жоба грант алды.

 «Бұл жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың   300 мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қолға алу жөніндегі тапсырмасы; сондай-ақ жұмыспен қамтудың барлық шараларын проактивті режимге ауыстыру аясында іске асырылуда. Бүгінде «Атамекен» қолдау орталығы» Қордай ауданынан бөлек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ашылған. 2019 жылы жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары шеңберінде 81 109 адамға кеңес берілді, 8787 адам «Бастау» жобасымен оқуға жіберілді, 2834 адам «Жас кәсіпкер» жобасымен оқыды. «Атамекен» қолдау орталығы» жобасы арқылы 2403 адам жұмысқа тұрды. Осы оң тәжірибе жобаны Қазақстанның басқа өңірлерінде жалғастыруға негіз беріп отыр», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департамент директоры Айдана Тоғызбаева.

 Мобильді орталық күнделікті дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-дан 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Мекенжайы:

-Қордай ауданы, Қордай ауылы «Мәдениет үйі»

-Қордай ауданы, Қаракемер ауылы

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер